Лев Гумилев — өлеңдері, өмірбаяны және толық шығармалар жинағы

Лев Гумилев өлеңдері, әдеби туындылары және автор туралы мәліметтер осы бетте топтастырылған.

Бұл беттен Лев Гумилев жарияланған өлеңдерін оқып, басқа бөлімдеріне өтіп, ішкі сілтемелер арқылы қосымша материалдарды таба аласыз.

Автор туралы

Лев Николаевич Гумилев (1912 ж. қазанның 1, Ресей, Петербор губерниясы, Царское село — 1992 ж. маусымның 15, Санкт-Петербург) — белгілі кеңестік және Ресей этнолог- XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Этногенез пассионарлық теориясының авторы. Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген. Ресей жаратылыстану ғылыми академиясының академигі, география және тарих ғылымының докторы, ұлы дала халықтарының тарихын зерттеген маман. Пассионар этногенез теориясының негізін салушы.

Ақын Николай Гумилев пен ақын Анна Ахматованың ұлы. Балалық шағын Тверь губерниясының Слепнёво атындағы Бежецк уезінде әжесінің қолында өткізген. 1917 - 1929 жылдары аралығында Бежецк қаласында тұрды. Бежецк қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан 1929 жылға дейін білім алды. Ал 1930 жылы Ленинградта оқыды. 1930—1934 жылдары Саян, Памирдегі, Қырымдағы экспедицияларда жұмыс істеді.