Өлең, жыр, ақындар

Алматыдан аумайсың

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1751
Алматымысың?
Әлде сенбісің?
Бұ қайсың?
Әйтеуір маған екеуің бірдей ұнайсың.
Ақ жауын болып басылмай кейде жылайсың,
Ақ жалын болып, күйдіріп кейде сынайсың.

Кей күні жақын,
Келесі күні шалғайсың,
Кей күні ащы,
Келесі күні балдайсың.
Сөйтсе де саған демеймін өзің қандайсың,
Алматы сенен,
Сен Алматыдан аумайсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыдан аумайсың өлеңінің авторы кім?

Қастек Баянбай — осы өлеңнің авторы.

Алматыдан аумайсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алматыдан аумайсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қастек Баянбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматыдан аумайсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері