Бұл үкімет белгілеп берген мереке –
Есенғали Раушанов
Бұл бетте «Бұл үкімет белгілеп берген мереке» атты Есенғали Раушанов жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Қуан дейдi, тойла дейдi ол маған,
Жоқ сияқты түк қайғым.
Алматыңыз толған думан, толған ән,
Бұл не дырду – ұқпаймын.
Қуан дейдi, тойла дейдi жұртқа ұсап,
Күнә дейдi жырламау.
Менiң жаным қырық жамау, қырық пышақ,
Оны бiлер кiм бар-ау?!
Оңашаны ұнатам,
Дариғашыл дарақылау ғасырда.
Қазақстан емес шығар мына Отан,
Қазақ емес шығармын мен, расында.
Бiрге күлiп сендермен,
Ода жазсам қайтер едi олла деп.
Бұрылғым-ақ келгенмен,
Бiр қырсық бар, жiбермейдi сол нәлет.
Нәлет бiздiң жүрiске.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі