Бұл бетте «Үнсіз отырмашы!» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үнсіз отырмашы!
Сұп-суық болып тұр күн неге? Деші
Үнсіз отырмашы, бірдеңе деші...
Қалай сүйетініңді айт!
Көңілді отырып та
Егилип...
Өртеніп...
Күйетініңді айт!
Айта алмасаң,
«Тәңірім-ау! Енді не істейін?» – деп сұрауыңа болады.
Айта алмасаң, оның орнына жылауыңа болады...
Махаббат туралы тек шық сөйлесін!
Махаббат туралы өксік сөйлесін...
Махаббат туралы өкпе сөйлесін.
Сөйлесін...тіпті текке сөйлесін...
Махаббат туралы көктем сөйлесін!
Жай сөйлемесін ол!
Өктем сөйлесін!
Махаббат туралы жүрегің тұрмақ сүйегің сөйлесін!
Махаббат туралы кемсеңдеген иегің сөйлесін!
Адайы домбыраның шегі үзіліп?
Тиегі сөйлесін.
Махаббат туралы бізді күтіп күреңіткен алаңқай сөйлесін!
Махаббат туралы жан айқай сөйлесін!
Үнсіз отырмашы!
Одан да жылай сал...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі