Иығыңа сүйеп едім басымды – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Иығыңа сүйеп едім басымды» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 5079
Иығыңа сүйеп едім басымды,
Бүлік сезім бұрқ етті де басылды...
Тулаптай-ақ қояйықшы жүректі,
Шулатпай-ақ қояйықшы ғасырды!
Иығыңа сүйеп едім басымды,
Жан сарайым хан сарайдай ашылды!
Жүрек сорлы бұлқынысын жасырды,
Кірпіктерім күрсінісін жасырды.
Тазалықты сенен көріп тосылдым!
Адалдыққа болар едің хас үлгі.
Бар әлемнің сатқындығын кешірдім
Иығыңа сүйеген сәт басымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иығыңа сүйеп едім басымды өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Иығыңа сүйеп едім басымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иығыңа сүйеп едім басымды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иығыңа сүйеп едім басымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері