Бұл бетте «Не істе дейсіз енді сіз?» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Не істе дейсіз? Не істе дейсіз енді сіз?
Халге жеттім адам айтса, сенгісіз!
Сіз жоқ жерде ауа да жоқ!.. не болған?
Қайдан келдім? Қайда барам? Белгісіз...
Қайтсем екен сізден қалған көңілді?
...астаң-кестең... быт-шыт болған өмірді?
Біреу жерде құлап жатып бақытты,
Біреу шыңға шығып тұрып, жеңілді...
«Бәрі жақсы болады!»- деп күлесіз.
Бәрі жақсы болмайтынын білесіз...
Өмір сыйлап өлеңіме жалғанда,
Шын өмірді өлеңімде сүресіз...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі