Гүлдерді де өлтіреді у қайғы – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Гүлдерді де өлтіреді у қайғы» атты Танакөз Толқынқызы жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1427
Гүлдерді де өлтіреді у қайғы,
Жапырағы жан тапсырып шулайды...
Бір жақынын жоғалтқандай ... зырқ етіп
Байғұс жүрек көндіге алмай тулайды.
Мен түсіндім гүлдің неден өлгенін,
Суға емес, мейірімге шөлдеді.
Немқұрайлы пейілдерден қураған
«Өлім деген осы болар! Көр!»-деді.
Егізің ем кесілмеген кіндігі,
Көңіліңнің ашпай қойдың түндігін.
Мені де жұрт мұңнан өлді дер ме екен,
Назарыңа шөлдеп өлсем бір күні...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері