Қалып қойсын – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Қалып қойсын» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1274
Қалып қойсын елеусіз қуыста мұң,
Жарықтық Күн! Жалғызым!
Туысқаным!
Қанатыңның суырып күміс талын,
Шашып ойнап, сәулеңді уыстадым.
Маң-маң басып, жай ғана момын күліп,
Шуағыңа жібердің шомылдырып.
Мені қалай ояттың көңілді ғып?
Тереземнен жатқандай Өмір кіріп.
Жарықтық күн! Жалғызым еркелеген!
Жылуыңмын мен сенің, желкені- өлең.
Күнде-күнде жазылған әр өлеңмен
Әлеміңе бір шуақ ерте келем,
...және Күндей өзімді өртеп өлем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері