Тағы қас қарайды – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Тағы қас қарайды» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1696
Тағы қас қарайды... Хош бол, Күн!
Қанатын жаюда қара түн.
Біреумен келеді дос болғым,
Түнгі үште шақырып алатын.
Барлығы бірінші, ұлы ақын,
Құлауға жақын тұр көшкін боп.
Ұйықтатпай қойғанда бұла түн,
Қоңырау шалатын ешкім жоқ.
Есігін ескертпей қаққанда
Түнгі үште шай қойып жылытар.
Дос керек сен күйреп жатқанда
Шашылған жаныңды ұйытар.
Үйде төрт телефон... таң атса,
Лақтырам... неге деп сұрама.
Тек сағат қоңырауы оятса,
Жалғыздық – сол шығар, сірә да...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы қас қарайды өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Тағы қас қарайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы қас қарайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы қас қарайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері