Тағы қас қарайды – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Тағы қас қарайды» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1734
Тағы қас қарайды... Хош бол, Күн!
Қанатын жаюда қара түн.
Біреумен келеді дос болғым,
Түнгі үште шақырып алатын.
Барлығы бірінші, ұлы ақын,
Құлауға жақын тұр көшкін боп.
Ұйықтатпай қойғанда бұла түн,
Қоңырау шалатын ешкім жоқ.
Есігін ескертпей қаққанда
Түнгі үште шай қойып жылытар.
Дос керек сен күйреп жатқанда
Шашылған жаныңды ұйытар.
Үйде төрт телефон... таң атса,
Лақтырам... неге деп сұрама.
Тек сағат қоңырауы оятса,
Жалғыздық – сол шығар, сірә да...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері