Бұл бетте «Қалай айтшы көтереді еңсені?» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалай айтшы көтереді еңсені?
Гүл көзімен сүю, тәйірі, не теңім?
Күте-күте шаршағанда мен сені
Тұрамын да гүл суғарып кетемін...
Жалаң аяқ жүрген жандай ақ қарда,
Айтылмаған сөздеріңнен тоңамын.
Құсни ойдан құса болған шақтарда,
Құстар үшін ұя салмақ боламын.
Ай құлайды мөлдіреген ішіп мұң,
Жалғыздыққа үйрене алмай жүр әлі.
Иесі өліп қаңғып жүрген күшікті
Бауырыма басқым келіп тұрады...
Өлең болып тірілемін дәптерде,
Мені іздейтін керемет күн келеді.
Мен өзіңе өкпелеген сәттерде
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі