Қоршауы жоқ жүрекке тасқын кірді
Бұл бетте «Қоршауы жоқ жүрекке тасқын кірді» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қоршауы жоқ жүрекке тасқын кірді,
Жотасымен жоқ қылды қашық гүлді...
Аласапыран бұлқыныс өлер еді-ау,
Өлмей қойған сағыныш асқындырды.
Өлең оқи береді бір шық мұңды...
Шыр айналған сезімім ұршық қылды.
Ынтық көңіл тұншығып өлер еді-ау,
Өлмей қойған үмітім ушықтырды.
Қанатындай құстардың қияқ мұңым
Мына жалғыз жүрекке мият бүгін.
Сізге деген сезімім өлген күні
Өзім өліп қалатын сияқтымын...
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі