Бұл бетте «Жүректерді шашып ойнар Ару Күз» атты Танакөз Толқынқызы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жүректерді шашып ойнар Ару Күз,
Жапырақтар ауыратын шығар, ә?
Неге сонша махаббатқа зәруміз?
Неге сонша күй кешеміз дүбара?
Бола тұра шын сүюге тәуелді
Қандай қиын дәруіш боп күн кешу...
Мен сертімде тұра берем әуелгі,
Мың жыл мүмкін болмай
кетсін тілдесу.
Жек көруге хақы жоқтай тіріні,
Дұшпаннан да шуақ күтіп жүремін.
Жек көруден ғана тұрар ғұмыры
Жан барына сенбей өтер жүрегім.
Сезімімді шашып ойнар арумын,
Жүрегіңіз ауыратын шығар,ә?
Айтшы, неге сізге сонша зәрумін
Сәлем дей сал ең болмаса, күнара...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі