Ұшағыңа бүгін түнде мінерсің
Бұл бетте «Ұшағыңа бүгін түнде мінерсің» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұшағыңа бүгін түнде мінерсің,
Бұлттар сені алып қалмай, жіберсін.
Қауышудың қандай бақыт екенін
Дүрия жүрек дүрсілінен білерсің.
Бір күн сыртта, бір күн бұлтта түнерсің,
Аман орал, ордалы мұң шын өлсін.
Менің батпан уайымыма: «Жеп-жеңіл
Батпырауық болып ұш!»-деп тілерсің.
Жұлдыздарын гүлдесте ғып Түн өрсін.
Ұшағыңа ұшып шыққан Күн ерсін.
Сағынышым сағат санап жүргенде
Сені бұлттар алып қалмай жіберсін.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі