Әз Наурыз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 1
  • 2778
Қылтияды қар астынан шөп басы.
Еріген күн Самарқанның көк тасы.
Әз Наурыз құтты болсын мерекең,
Болсын аман әр шаңырақ, отбасы.
Таңым атты арай шашып, ағарып.
Көктем айы, жан дүние жаңарып.
Әз Наурыз, жылдың басы қош келдің,
Әрбір үйге сыйласыншы жаңалық.
Ерте тұрып, таңмен бірге таласып,
Әжелер жүр камзолдары жарасып.
Аталардың шапандары әдемі,
Бүлдіршіндер асық атып, таласып.
Киіз үйлер бой түзепті ақшаңдақ.
Бұл құтты күн,
Түркі елінде асқан бақ.
Ұлыс тойын мерекелеп жүрмін мен,
Көңілім шат, мерейім бір аспандап.
Қазақпын мен, тура сөзге тоқтаған.
Наурыз көже, ешбір елде жоқ тағам.
Қайта оралған мерекеге қайыр бер,
Жетпіс жылда тоқыраған, тоқтаған.
Ұмыт қалған,
Ұлыс күнім, мерекем!
Бақ таймасын,
Кетпесінші берекең.
Қазағымның еңбегіне қайыр бер,
Уа ағайын,
Құтты болсын мерекең!


Пікірлер (1)

Дина

Абдулмахмуд Пошатаевтың «Әз Наурыз» өлеңін оқып, көктемнің шуақты көңіл-күйіне бөлендім. Наурыз – жыл басы, жаңару мен жаңғыру мерекесі. Ақын осы мерекенің берекесі мен бірлігін, қазақ дастарханының молшылығын жырлаған.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әз Наурыз өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Әз Наурыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әз Наурыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әз Наурыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері