Нәзік жанға әр күні гүл сыйлайық – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Нәзік жанға әр күні гүл сыйлайық» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1948
Қар жауса да көрсетіп өктемдігін,
Келгендей ма, жаз емес, көктем бүгін?!
Сағыныппын, балдәурен бал күнімді,
Жотада теріп өскен көктем гүлін.
Гүл ғұмыр,
Неткен қысқа, аты жалған.
Ақ таңдар, нұр сыйлашы атып алдан.
Кәрі әжейдің жасындай ғұмыр берші,
Гүлдерін саудаласпай сатып алған.
Қар көңіл басылар бір, борап алып,
Айнала ақ мамыққа оранады.
Шоқ гүлім аязда үсіп қалмасын деп,
Келемін шапаныма орап алып.
Алланың әрбір күні берекелі.
Гүл сезім тынысыңды кең етеді.
Нәзік жанға әр күні гүл сыйлайық,
Күтіп жүрмей бір күндік мерекені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нәзік жанға әр күні гүл сыйлайық өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Нәзік жанға әр күні гүл сыйлайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нәзік жанға әр күні гүл сыйлайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нәзік жанға әр күні гүл сыйлайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері