Өлеңім-ау, пірім де өзің, көмекшім!

Бұл бетте «Өлеңім-ау, пірім де өзің, көмекшім!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1255
О табиғат,
Жаратылыс таң қалам.
Шүкір етсе болар еді барға адам.
Қыран болып өтсем екен өмірден,
Айырмасы бар ғой оның қарғадан.
Саябырлап алға деген ұмтылыс.
Ойға батам,
Ұйқы қашқан, түн тыныш.
Тағдырына алаңдаймын баламның,
Дала неге, көше неге тым-тырыс?!
Қадірімді өзім білмей, өзімнің.
Сүрінгенмін, құлаған да кезім мың.
Үміт оты, үмітімді ақтап жүр,
Жетегінде жүрген жанды сезімнің.
Сезім дерті,
Сеңдей соққан кезім мың.
Талай мәрте ес жоғалтып езілдім.
Жұрт жасқанар қайсар мінез бар еді,
Жетегіне еріп кеттім сезімнің.
Өз жанымды неге бүгін ластадым.
Тірлігіне арласпап ем басқаның.
Әр бір жанның жан-жарасы әр түрлі,
Ал мендегі, жүрегімде басқа мұң.
Жырларым ай,
Мені сүйген, демеп шын!
Шабытым ай,
Қиналғанда керексің.
Тұраласам тұрып кет деп дем берген,
Өлеңім-ау,
Пірім де өзің, көмекшім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлеңім-ау, пірім де өзің, көмекшім! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Өлеңім-ау, пірім де өзің, көмекшім! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлеңім-ау, пірім де өзің, көмекшім! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлеңім-ау, пірім де өзің, көмекшім! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері