Ғашықтар мекені – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Ғашықтар мекені» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1554
Шабыты шарықтады қанат жырдың.
Таза ауада тыныстап таң аттырдым.
Асқаралы Алатау шыңдарына,
Көзім тоймай, сүйсініп қарап тұрдым.
Ақындардың жүзіне шырай тұнған.
Қайда екен сол, хәлімді сұрайтын жан.
Алматы ғашықтардың мекені еді,
Олар жайлы ән туған, жыр айтылған.
Өмір өзен,
Ырқына бағындырды.
Іздедім елес болған сағым жылды.
Алматыда кезіккен Көкше қызы,
Еске түсті,
Аңсатты,
Сағындырды.
Алланың бұйрығы ма, өктемі ме.
Сол көктем оралмайды,
Кеткені ме?
Алатауым күрсініп тұрғандай ма,
Сол арудың ғайып боп кеткеніне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашықтар мекені өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Ғашықтар мекені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашықтар мекені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашықтар мекені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері