Күндер қайда – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Күндер қайда» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1409
Күндер қайда,
Құлшынып шарық ұрған.
Ару қайда өзіне зарықтырған?
Не заманға тап болдым, көңіл селсоқ,
Күйттеген күйбің тірлік жалықтырған.
Көмейден асау жырым ағытылмай,
Тағы нені жасайын,тағы тынбай?
Хош жүргенім жанымды жұбатады,
Жүрісім жауыр аттың шабысындай.
Тірлігің үйлессе егер болып тұрған.
Онда Алла,
Жақсыменен жолықтырған.
Бақыт құсы ұшқанда білінеді,
Барында бағалайық, қонып тұрған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері