Түн іші. Ай жарық – Дидар Амантай

Бұл бетте «Түн іші. Ай жарық» атты Дидар Амантай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1547
Түн іші. Ай жарық.
Тіршілік демалған.
Сағымға айналып,
Сезімдер тоналған.

Тылсым ән шырқалып,
Тыныштық таппаған.
Қыз ғана ұрланып
Қарайды қақпадан.

Жігіт те кешіккен,
Жалған ба айтқаны.
Тот басқан есіктен
Тұнжырап қайтады.

Ит келіп аяққа
Сүйкеніп құлайды.
Қарайды аяп та,
Қыз неге жылайды?

“Келмеді көктемім,
Кім еді сол маған?
Иелік еткен түн
Ит құрлы болмаған.”


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері