Қамықпай жет, қалқажан, қасыма бір –
Дидар Амантай
Бұл бетте «Қамықпай жет, қалқажан, қасыма бір» атты Дидар Амантай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қамықпай жет, қалқажан, қасыма бір,
Қызғалдақтай бұрқырап шашың әтір!
Қаз омырау, қаз мойын...
Қаз-қалпында –
Қаздай тізіп жазады шашылған жыр.
Үркіп сырдан, елеңдеп тілсіз сана –
Жеті түнде таба ма күнсіз пана.
Шөпілдескен сүйістер шыққан жерде
Шөлдеп екеу отырсақ үнсіз ғана.
Қамықпай жет, қалқажан, қасыма бір,
Қызғалдақтай бұрқырап шашың әтір!
Қаз омырау, қаз мойын...
Қаз-қалпында –
Қаздай тізіп жазады шашылған жыр.
Өмір өткен. Өзің жоқ кездерде мен
Өзгені өзің сүйгенде өзгермегем.
…Бағымызды айтқысы келетіндей
Бағып бізді аңдиды көздер деген.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі