Көңілден кетпей қойып кіреуке мұң
Бұл бетте «Көңілден кетпей қойып кіреуке мұң» атты Дидар Амантай жазған мұң туралы өлең берілген.
Көңілден кетпей қойып кіреуке мұң,
Кеудеме қонып алған біреу менің,
Басқаның бауырынан пана іздеген
Ғұмырым, әлдекімге тіреу ме едің?
Өзіме азамат жоқ теңдес бүгін,
Өзгенің тойы болған келмес күнім,
Арқама сүйенетін адам бар деп
Артыма қараймын ба өлмес бұрын?
Қалмасам игі еді күйреп, сынып,
Газеттер беттеріне сурет іліп,
Өмірмен қош айтысып баратқанды
Өтем бе жер бетімен сүйреп жүріп?
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі