Қыр гүлдері – мизам шуақ түркілік –
Дидар Амантай
Бұл бетте «Қыр гүлдері – мизам шуақ түркілік» атты Дидар Амантай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыр гүлдері – мизам шуақ түркілік –
теңселеді қамырығып, бір күліп,
ессіз өткен қызықтардың кешегі
есігінде енді бүгін тұр құлып.
Көл айнала ұшқан құсты сүйреп наз,
қош айтысып бара жатыр үйрек-қаз,
сұрап шықсам деп ойладым көңілін
күзеуінде отырғанда күйреп жаз.
Қайда кеткен қасқалдақтар қаңғырып,
сайды қуған сарғалдақтан жан құрып,
жазғытұрым тіршілігін іздейді
жабағының көкірегі жаңғырып.
Бір-біріне бола алмаған тіреу де,
бүкіл үйде ұйыған мұң кіреуке,
жайлау тозып, ауыл көшіп барады –
сары жұртта елегізіп біреуге.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі