Ілесем деп жақсыға, жиі алданам

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1435
Өмір қатал!
Жан екем қиялдаған.
Ілесем деп жақсыға, жиі алданам.
Өлеңіме сыймайды қаласам да,
Көп өкініш кеудеме сия алмаған.
Сағың сынса,
Сынға алып сынайды адам.
Пендемін мен, жүрген бір,
Құдайға аман.
Жылап жүріп, күлетін кез болады,
Күліп жүріп өмірде, жылайды адам.
Қара бұлттың осы деп сейілгені.
Жамандап, жексұрын қып кейін мені.
Еркелеген жан ғой деп түсінбеген,
Не боп кеткен кей жанның пейілдері.
Пендеміз ғой, үлкенің, кішің мейлі.
Азамат боп жүргенің үшін мейлі.
Сыйласаң сыраға бал берген адам,
Өмірдің жалғандығын түсінбейді.
Мұқаңды тезге салды, қашты бәрі.
Сынады, аяғында састы бәрі.
«Бауыржан сенбеймін мен қорғадың»- деп,
Мұқаң марқұм айтып еді- «Москваны».
Жетем деп бұл өмірдің биігіне.
Қалмайды кей адамның сыйы мүлде.
Әр қазақ жалғызың ғой, соны ұғын,
Қалғың келсе, көксеген биігіңде.
Алақаным сол менің, жайып көктен.
Жайым жоқ, жағдайым жоқ, байып кеткен.
Сабақ боп, Сүлейман да өлгенінде,
Ел-жұртқа алақанын жайып кеткен.
Сыйлаған ел ағасы көп пе, менің?!
Сан қилы жолдан мен де өткен едім,
Сын болмай, мін түзелмес,- деп айтпаған,
Шыныда сол кісіге өкпеледім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ілесем деп жақсыға, жиі алданам өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Ілесем деп жақсыға, жиі алданам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ілесем деп жақсыға, жиі алданам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ілесем деп жақсыға, жиі алданам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері