Жұлдызнама – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Жұлдызнама» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1163
Сарышаян едім,
Сүйгенді қалар ұнайтын.
Жүгірген жетпес, қуған бір кетпес, бұл айқын.
«Тауешкі» деген керемет жұлдызнама ғой,
Еркелеп келіп ығыма менің құлайтын.
Жылқыдай етпес, қаңтарып қояр таң асып,
Көзбенен ұғып,
Ақылмен құптап, санасып,
Ашулы болсаң жеңіле салар егеспей,
Өзгелер құсап жатпайды тіпті таласып.
Сарышаян десе ерекше еді сөздері.
Жанымен баурап,
Күлімдеп қара көздері.
Сұратпай ғана жаныңды сенің түсінер,
«Тауешкі» туған уақыт сағат кездері.
Мінез бар түрлі, ақыл да түрлі, саналар.
Әйелдің жүгін тарта алмас тіпті қара нар.
Үйленем десең, үй болам десең жас ұрпақ,
Біріңнің-бірің жұлдызнамаңа қарап ал.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері