Кейбіреулер ту көтеріп ұрандап – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Кейбіреулер ту көтеріп ұрандап» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1303
Кейбіреулер ту көтеріп ұрандап.
Аңғал елді адастырып, жүр алдап.
Кейбіреуі салафи боп көкиді,
Дәлелім деп ұсынады, құранды ап.
Қыздарымыз кафе кезіп жүр әлі,
Теңгесі көп көке алдында бұраңдап,
Ақыменен ақыл айтқыш көбейді.
Аңқау елді,
Бірі азғырып,
Бірі алдап.
Бәрін қойшы, сәлем бере келгенде,
Шықшы алдымнан сылаңдап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері