Шәкірт тілегі

Бұл бетте «Шәкірт тілегі» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2738
Жұмысына жаны ауырған, бар жаны.
Сіздей жақын, жанашыр жан қалмады.
Үй жан аман,
Тірлігіңіз дұрыс па?
Жанұяның қалай аға қал-жаны? –
Деп сұрады бір әріптес көмекшім.
Шүкір -дедім,
Жанұям ғой қалғаны,
Сұм жандардың орындалды арманы,
Кеткеніме талай жылдың жүзі ғой,
Мен кеткен соң, орындалды-ау арманы.
Сендер аман жүріңдерші, болғаны,
Мен кетсем сол, Алла басқа салғаны.
Бұл жүйе ғой,
Жүретұғын қуынбай.
Сізге еркелеп жүрер кез жоқ бұрындай.
Қорғап, қолдап жүргеніңді білмеппіз,
Қазағымның желбіреген туындай.
Айналамыз ез боп кетті, сенші аға,
Уәдесі, құмға сіңген суындай.
Өзің басшы болған күнді аңсадым,
Балдай еді сөздерің де, ұғынбай,
О жалған ай,
Қазіргілер сұм жылан,
Айтқан сөзі әбжыланның уындай.
Дей алмаймын,
Мен оларға кектендім.
Қазбалайтын жан емеспін өткенін.
Тап өзіңдей азаматқа ризамын,
Басқасына қатты ренжіп кеткенмін.
Пендеміз ғой, пендеміз-ай білмейміз,
Кімге қалай гүлдеп келер көктемің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шәкірт тілегі өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Шәкірт тілегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шәкірт тілегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шәкірт тілегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері