Жасырынып тас атпаңдар бауырлар! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Жасырынып тас атпаңдар бауырлар!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1315
Жоқ адамға бауырым-ау кейіп көр.
Зомбилердей тап өздері, кейіпкер.
Мықты болса, жарқырап бір шықпай ма,
Атын, затын тұмшалаған «фейктер».
Айтқың келсе қазағымның мұң зарын.
Шахановтай қасқайып бір тұр жаным.
Патшаны да жамандайсың жасырын,
Құдайың кеп қас төбеден ұрмасын.
Тығылып бір, тас атасын жасырын,
Жоғалтқан соң жылайсыңдар асылын.
Бұл қазаққа бұйырған бұл бостандық,
Осы сенің өркендейтін ғасырың.
Оқ атпаңдар жатып алып жасырын.
Мынау сенің гүлдеп тұрған ғасырың.
Тағдыр заңы,
Жылайды екен ер де, ел,
Жоғалтқанда баға жетпес асылын.
Тас атпаңдар, тығылып ап тасадан.
Жалғыз Алла, көріп тұр ғой «Жасаған»
Қазағыңды қазақ еткен «Елбасы»,
Бар жағдайды қазағына жасаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасырынып тас атпаңдар бауырлар! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Жасырынып тас атпаңдар бауырлар! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасырынып тас атпаңдар бауырлар! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасырынып тас атпаңдар бауырлар! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері