Бәрі де сен жайлы – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Бәрі де сен жайлы» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1636
Сан түрлі түс көрем бір түнде,
Сан түрлі жыр терем бір күнде.
Бәрі де сен жайлы, құдай-ау,
Дауа жоқ сағыныш шіркінге.

Сен жайлы бәрі де, сен жайлы,
Сал жаным сені аңсап қол жайды.
Уайымдап өзіңді алыстан,
Көңілім әрнені болжайды.

Қайдасың, жаным-ау, белгі бер,
Жоқсың ғой жерлерде мен білер.
Ауа емес тынысым – сен екен,
Тарылып барамын дем жібер.

Болса да бұлақтар өңге мың,
Қуаңдап, өзіңе шөлдедім.
Тіршілік көзі – су біреуге,
Мен үшін тіршілік сен бе едің?

Парақтар жыртылған үстелде,
Ұйқы жоқ, мұңайған құс пенде.
Сән кетті жырдан да көп жаза,
Нәр кетті көп көре түстен де.

Түс көрем сен жайлы бүгін де,
Жазумен өтті бұл күнім де.
Сен мені жоғалтып жүрмеші,
Себебі іздейсің түбінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрі де сен жайлы өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Бәрі де сен жайлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрі де сен жайлы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрі де сен жайлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері