Көрмегем сәтiн бұлай жылаған
Бұл бетте «Көрмегем сәтiн бұлай жылаған» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көрмегем сәтiн бұлай жылаған,
Бақыттан-дағы жылайды ма адам?
Жақыным емес, жатым да болсын,
Бақытты адамдар ұнайды маған!
Күлсе ғой, шiркiн, шынайы-ақ адам,
Жымиса Ол жалған,
шын ая, ғалам!
Жақыным емес, жатым да болсын,
"Бақытсыз" көрсем мұңая қалам!
Жымиса жалған - бұлдырай бөтен,
"Бақытсыз" санап, тұнжырай кетем.
Бақытсыз жандар жымиып жалған,
Бақытты жандар шын жылайды екен!
...соны ұқтым
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі