Айкезбе – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Айкезбе» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1280
Күндіз – ұйқы, түн – ояу,
Бұзылған күн тәртібі.
Айкезбе еттің, құдай-ау,
Ұйқымды ұрлау арқылы.

Берекесіз тірлігім,
Алға баспай бір ісім.
Бүгін тағы мұңлымын,
Қалды барлық жұмысым.

Ессіз сүю дегенің,
Шыныменен осы ма?
Сен деген әр өлеңім,
Айналып жүр досыма.

Маған жат-тын тұйықтық,
Ашық едім һәм аңғал.
Сезімдегі биіктік,
Жолыққаны-ай маған дәл.

Шыдамды ғой бұл төзім,
Үміт мені құлатпа.
Қинаса да қу сезім,
Бақыттымын бірақ-та!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері