Саябақ маңындағы бақылау камерасынан репортаж – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Саябақ маңындағы бақылау камерасынан репортаж» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1082
Шуақ шашып тұрғандай бәдені шырай,
Мына қыздың, құдай-ау, әдемісін-ай.
Қазір ұқтым сұлулық немене екенін,
Неге керек екенін әлем үшін Ай.

Белі қыпша көйлегі, жең ұшын бүрген,
Ақ тәніне құйғандай келісім кірген.
Осы ғана таңданып, түсінгендеймін,
Неге керек екенін жер үшін Гүлдер.

Әлденені есіне ап бұлыңғыр дүзде,
Жымияды, көңілі тоқ сұлудың күзге.
Нұрландырып жіберер, түйгенім жаңа,
Неге керек екенін күлудің Бізге.

Бақылаумен осылай, қаталап бір дем,
Ғашық етіп жіберді Ол матап ап бірден.
Сүйгім келді, түсінгім келмеді бірақ,
Неге керек екенін махаббаттың Мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саябақ маңындағы бақылау камерасынан репортаж өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Саябақ маңындағы бақылау камерасынан репортаж өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саябақ маңындағы бақылау камерасынан репортаж өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саябақ маңындағы бақылау камерасынан репортаж өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері