Нөсерлі қаңтар – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Нөсерлі қаңтар» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1726
Қыс емес пе? Ендеше, жаумай ма қар,
Анау тауға өң беріп, баурайға бар.
Бәрінен де бақтағы талдарды айтшы,
Жамылмаса ақ көрпе жаурайды олар!

Қазір қаңтар, жауып тұр жаңбыр неге?
Күбірлеп тұр бақта анау тал бірдеңе.
Көз алмауда алжасқан аспан жақтан,
Дірілдеумен жалаңаш салбыр дене.

Қара желді, нөсерлі, күн тұманды,
Қақпас желің талдарды сілкіп алды.
Қолшатырсыз малмандай болған бақтың,
Көк тұман да сүйкеніп шырқын алды.

Сан бұтақтар жалына құдайға енді,
Соққан желден иіліп құлай берді.
Жапырағын үзсе де күз келгенде,
Жек көрмеген шығар-ау бұлай желді.

Қаңтар биыл осылай жаудай төнді,
Мұздай тамшы тоқтамай саулай берді.
Көк аспан-ау, көрпесін берші баудың,
Қыс емес пе, ақ қарың жаумай ма енді?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нөсерлі қаңтар өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Нөсерлі қаңтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нөсерлі қаңтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нөсерлі қаңтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері