Б. Алдиярға – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Б. Алдиярға» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1226
Ішірткісін өздері беріп алып
Ішкіш дей ме шынымен мені халық?
М. М.

Өсегінен бұлардың пісті шекем,
Ішкіш екем, беу Аға, ішкіш екем.
Мақтап-сықтап көзіңше, у ұсынып,
Ішкізіп-ап соңыңнан "пыш-пыш" етер.
Өзің де Аға, ішкіштің бірі екенсің,
Сен жайында... жарайды... шыр етерсің.
Ой, соларды қоя берш... жеңгем қайда,
Ішкішпіз ғой ақыры, сыра әкелсін.
Басымызда жоқ грамм ақыл мейлі,
Бірақ, неге бізді олар ақын дейді?
Ішкіш десе іштарлар келер-кетер,
Ал, ақынның білесің аты өлмейді.
Артық құйсаң судан да құлар емен,
Сен де, мен де сол уға құмар емен.
Көре алмайтын кісілер дейді көкіп:
- Арақ ішсе жазады бұлар өлең.
Ішірткінің мұң менен қайғы асынған,
Біз-ақ соның көрейік пайдасын бар.
...Хат келді, Аға, оқиын, оқырман ғой:
- Шымкенттеміз, ақындар қайдасыңдар?
- Кеттік пе?
- Отыр машинаға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Б. Алдиярға өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Б. Алдиярға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Б. Алдиярға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Б. Алдиярға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері