Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге

Бұл бетте «Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1152
Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге,
Осыншама азап сыйлап нетесің?
Жүрегімнің бар екенін кеудемде,
Еске салып кетесің.
Жаңбыр мұңлы әуеніне әніңнің,
Еліте берем...
Жоқ болса да себебі.
Жауқазыны менің көктем жанымның,
Көктеп шыға келеді.
Жазылмаған өмірімнің дастаны,
Келтіретін тірлігімнің мәнісін.
Аман болшы көңілімнің аспаны,
Тағдырымның дәні үшін...
Азаптамай кетсең, сірә, нетеді?
Жыры адасқақ ақымақты біздердей.
Бұл даланың гүл мен шөбі жетеді,
Қурап кеткен күз көрмей!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері