Жігіт сипаты – Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бұл бетте «Жігіт сипаты» атты Ақан Сері Қорамсаұлы‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 0
  • 35553
Жігіт боп гауhар тастай асыл болса,
Әлсізге жаны кілең ашыр болса.
Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас,
Не пайда шүберектей жасыл болса.
Көзі де, көңіл де соқыр қараңғының,
Несі адам түк білмейтін масыл болса.
Наркескен қайрылмайтын қылыш болса,
Мінез, ақыл, өнері дұрыс болса.
Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт
Жорғадай тілі майда жүріс болса.
Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,
Еткені берекелі жұмыс болса.
Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма?
Көріңдер миға салып бұрыс болса.
Бозбала шамшырақтай фанар болса,
Ішінде қалың топтың жанар болса.
Ақиқат адамдықтың белгісі сол,
Су берсең, балдай көріп қанар болса.
Ақылсыз кейбіреудің мінезі сол,
Бір сөзді екі қылып жамар болса.
Бұл саған айтқан, досым, өсиетім,
Жүре бер тыңдамай - ақ залал болса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіт сипаты өлеңінің авторы кім?

Ақан Сері Қорамсаұлы‎ — осы өлеңнің авторы.

Жігіт сипаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіт сипаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақан Сері Қорамсаұлы‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіт сипаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері