Фабрикада туған ой

Бұл бетте «Фабрикада туған ой» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 608
Көзайым мұнда қыздар кілең
Жаумыт, теке, торқа кілем
Тоқиды екен әрқашан.
Сұлулық пен apғa шаң
Тигізбейтін нәзік саусақ,
Сен ешқашан азып-қаусап
Қартаймассың!
Әсем қыз шапшаң түйген түйін,
Сергек күзетіп адам үйін
Ұрпаққа кетер әулеттен.
Қол жеткенше әуре еткен,
Арман «Толмақ антым!» — десе,
Өмip нәрлі алтын кесе,
Ортаймассың!
Махаббат атты жүрек сөзін,
Дарқан мезгілдің құдды өзін
Сөйлеткен кілем бетінде,
Түркімен қызы бертінде.
Miнe, осы еш өлмейтін,
Әсте жерге төселмейтін
Кілем-дастан.
Бip сәтте туған жұлдыз өрнек,
Heшe замандар жоғары өрлеп.
Барар бәлкім Шолпанға.
Кілем ұшқан сол таңға
Кезім айғақ болармысың?!
Көрсем деген жол арғысын
Ұл ем бастан.
...Қыз қолынан қиял самғат,
Кілем-дастан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фабрикада туған ой өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Фабрикада туған ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фабрикада туған ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фабрикада туған ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері