Бұл бетте «Бір әуен бар» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Топырақтай гүл тозаңын жасырған,
Күн сезімін аңсаған.
Күткен едім, жолығатын сол күнді,
Қайда жүрсең болшы аман!
Жай тозаңнан гүлге айналу оңай ма?
Мейір керек шуақты.
Қажеті жоқ жалғандық пен көлгірлік,
Болсын сезім тұрақты.
Қанаттары гүлмен өңдес көбелек,
Келер ұшып ғайыптан.
Қанатынан бейіш нұры себелеп,
Уайымнан айыққан.
Билесе тек бақыттылар билесін,
Таласпаңдар,құлшынып.
Екі сезім таба алмаса үйлесім,
Өтер іштей тұншынып.
Күйсандықта ойналмаған бұрын еш,
Бір әуен бар.
Қинайды.
Жабықтырды,тым көңілсіз бүгін кеш,
Келер күн не силайды?
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі