Көктемнің бұлттары – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Көктемнің бұлттары» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 969
Бір жұтым суға, шөлдеген қан тамыр сынды,
Аспанды ары итерген, Хантәңір сынды.
Кім түсінеді, ей, бұлттар, жерге ынтық сенің,
Бір сәтке дамыл алмаған арпалысыңды?

Бақтардан, таудан, өзеннен, қыр-белестерден,
Құстардан, аңнан, жануар, үндеместерден…
Аспанға қарай жауатын «Рахмет!»сөзі,
Оларға бұлай айтуға кім кеңес берген?!

Алыстап кетпей, от шардың тартылысынан,
Жан бітіп, мың бір сәуленің шарпылысынан.
Күнге «алғыс», бұлтқа ұшатын «рахмет» сөзі,
Көктем оятқан тірліктің әр тынысынан.

Бұлағай шақтар, тең келмес басқа күндерім,
Орманда құс боп сайрадым,бақта гүлдедім.
Бұлттаған шақтың көл-көсір ырыздығы бар,
Бұл бұла сәтке өкпе артпа, аспаным менің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемнің бұлттары өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Көктемнің бұлттары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемнің бұлттары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемнің бұлттары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері