Кінә артарсың

Бұл бетте «Кінә артарсың» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Кінә артасың жаным–ау несін маған,
Жүріп келем өмірдің көшінде аман.
Мезгілдердің сыйы деп түсінемін,
Тағдырымды өзіңе қосылмаған.

Ай мұңайды сырымды қалған біліп,
Күн кешемін қашанғы жалған күліп?
Ертелі-кеш ұмытқан болғаныммен,
Сиқы мынау жүректің салған бүлік.

Қайталама білемін сұрағың көп,
Сені ойласам тұрады жылағым кеп,
Бір арнаға тұп-тұнық қосыла алмай,
Жылып аққан арықтай сұладым көп.

Аудара алмай басқа ешкім назарымды,
Сол күйінде сақтадым таза мұңды.
Кінә тақтың жаным-ау несін маған,
Тартып жүрмін тек сенің азабыңды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кінә артарсың өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Кінә артарсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кінә артарсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кінә артарсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері