Жау жаңбыр – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Жау жаңбыр» атты Алма Түсіпбекова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 843
Кетіп ед, өксік басып өмірімді,
Жау, жаңбыр!
Жушы менің көңілімді.
Тамшының құлаққа ұрған тырсылын-ай,
Домбыра секілденген қоңыр үнді.
Тамшы үні!
Осы сенен дерек үзіп,
Жүрген ем елеңдеумен елегізіп.
Санамды сойылдаса сансыз ойлар,
Ақылым алағызып, дене қызып.
Ашылсын көңілдердің сан құлыбы,
Жауа бер!
Кереметсің, жаңбыр үні!
Тілгіле, найзағай боп көк аспанды,
Жанымның жапандағы жаңғырығы!
Тамшылар!
Көңілімнің демделгені,
Жанымның жарасының емделгені.
Сезімнің жетер енді сенделгені,
Болмаймын ауыр ойдың енді ермегі!
Жан емен тілегені теріс келер,
Сырларым!
Іште қалса – беріштенер.
... Көңілін бір ақынның таптық-ау деп,
Көктегі жылап жатыр періштелер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жау жаңбыр өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Жау жаңбыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жау жаңбыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жау жаңбыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері