Өкінішті! – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Өкінішті!» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 1
  • 956
Арманға сене алмай жүретініміз,
Өп-өтірік күлетініміз,
Пайданы ғана білетініміз –
ӨКІНІШТІ!
Жақсылық жасауға асықпайтынымыз,
Тектілікті төгіп, қасықтайтынымыз,
Жамандықты жасытпайтынымыз –
ӨКІНІШТІ!
Жақсы адамдарды көрмейтініміз,
Ізгілікке сәлем бермейтініміз,
Мейірімге әр кез шөлдейтініміз –
ӨКІНІШТІ!
Ақылдының сөзін алмайтынымыз,
Батагөй қарияға бармайтынымыз,
Күлтөбедегі жиыннан қалмайтынымыз –
ӨКІНІШТІ!
Басқаны балақтан қабатынымыз,
Болашаққа балта шабатынымыз,
Пейілден бәрін табатынымыз –
ӨКІНІШТІ!
Ана тілімізді ұмытқанымыз,
Көзді шел басып, құныққанымыз,
Рухты көкке ұлытқанымыз –
ӨКІНІШТІ!
ӨКІНІШТІ!!!


Пікірлер (1)

Қанатбек

Бүгінгі қоғамға нақты сипаттама !.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкінішті! өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Өкінішті! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкінішті! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкінішті! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері