Тымық кеш

Бұл бетте «Тымық кеш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 581
Тып-тынық кеш.
Ұйып тұр заңғар аспан
бәсең тартып дауыс та ән толастар.
Алып шамдар секiлдi бозарады,
аппақ болып гүлдеген алма ағаштар.
Тып-тынық кеш,
У-шу да бiттi мүлде,
Қалғып-мүлгiп маужырап кеттi гүл де,
Шылымдарын тұтатып алып жатты,
жұлдыз бiткен аспанның түкпiрiнде.
Жағып алды бiр отты мұнараң да,
Марғау басып адамдар жүр алаңда.
Қол ұстасқан екi жас
былай шыға
құшақтасып айналды бiр адамға.
Орындалып бәрi де тiлегiңнiң
жүргендейсiң iшiнде жыр-егiннiң.
Тып-тынық кеш, тып-тыныш
құлақ салсаң
естiледi дүрсiлi жүрегiңнiң.
Анда-санда жас күлiп, шал жөтелiп,
қайта тынар әлдекiм ән көтерiп...
Әлдене iздеп шұбырып бара жатты,
бағаналар қолына шам көтерiп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тымық кеш өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тымық кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тымық кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тымық кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері