Сөз – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сөз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 985
Мұндай кезде –
(сақтанам!),
қарау керек көздi ашып, –
дүниенi қаптаған
бара жатыр сөз басып...
Құлақ бiтiп тұнады –
батар соның күйiгi –
Ұйықтап,
бұрқап тұрады
сөздiң ала құйыны.
Соның шығып шатағы,
Соның келiп басты үнi...
Алып бара жатады
сөздiң қара тасқыны.
Бiтiспейтiн керiсiп,
келiп тұр-ау кез жұтаң...
Су орнына сөз iшiп,
ауа орнына сөз жұтам!
Жоғы ғой бұл амалдың,
түсiн, мейлi,
түсiнбе! –
Уы жатыр заманның
ол сөздердiң iшiнде.
Сол сөздерден қызынып
кеудем,
алқым iседi.
Қан құтырып,
бұзылып
жанға жара түседi.
Содан кейiн қаңғырып,
қасiретке батамыз –
сөзден дертке шалдығып,
сөзден өлiп жатамыз.
Тiрлiк,
iс те өзгерген!
Сөз айтамыз құлшынып.
...Жатыр қазiр
сөздерден
өлген адам түршiгiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөз өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері