Жору

Бұл бетте «Жору» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 672
Тыржалаңаш тау,
Бір қабат лыпасы – ақ тұман – бу.
Ұзын-ұзын қыраттар,
Борбайларыңды жу.
Сұлудың аппақ қабығы
Бір білініп, бір өшіп
Тұрушы еді ғой солай
Жұп-жұмсақ бұлт көшіп.
Тесіп шығады сонда
Боз жамылшыны
Көкбеңбек мұз заңғардың ұшы.
Көлкілдейді төменде ақ тұман,
Көре алмайсың бірақ құпия жатады
Ең тереңінде махаббаттың күші.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жору өлеңінің авторы кім?

Омарғазы Айтанұлы — осы өлеңнің авторы.

Жору өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жору өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Омарғазы Айтанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жору өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері