Кешір, Алла? – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Кешір, Алла?» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1386
Кешір, Алла?
Жарылқап кешкің келсе,
Жазмышымды жатырқап көшкім келсе,
Сойыл артқан тағдырды қасақана,
Қарсы алмаған болар ед ешкім менше.

Менің жолым тым жеңіл емес білем,
Үздіксіз зар,
кілең өрт,
егес кілең,
«Тағдырыңды тартып ап әлде біреу,
Өзге өмірді сүрдің сен» -демессіңдер...

Қарсыласқым келгенмен тістелескім,
Құтқармайтын жазмыштан күшті емеспін,
Қоғамым мен Тағдырым осы болса,
Мен бақытты болуға тиісті емеспін!

2003 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері