Өлең, жыр, ақындар

Басыңды көтер

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1793
Сүрініп кетсең
Түңілме,
Қайта түрегел,
Сілкініп тастап
Серпіліп алға жүре бер.
Сенен де бұрын
Бұдан да ауыр салмақты
Көтеріп кеткен
Ерлердің барын біледі ел.
Жығылып қалсаң
Тұрдым де жерге бір аунап,
Тырнадан үлгі ал,
Төбеңнен ұшқан тыраулап.
Сарыала жапырағы
Саудырап түсіп жатқанда
Көктемін күтіп
Күлмей ме кейде қырау бақ?
Жаныңды жесе
Күйзеліс, уайым жегідей,
Өзіңді­өзің
Езгілей берме тірідей.
Қарысып неге
Қасқайып қатып қалмайсың,
Аяғын шайнап
Қақпаннан шыққан бөрідей.
Жылаңқы, жасық,
Кінәмшіл болсаң боркемік,
Күйініп іштей
Кетерсің босқа өртеніп.
Темірді үзіп,
Қопарар тасты шағыңда,
Не болды сонша,
Шағылып тауың ерте өліп?!
Басыңды көтер,
Жігерді қайрап мін атқа.
Үргісі келген иттердің бәрін шулат та,
Тәуекел етіп,
Көтеріп тағдыр жазғанын
Тарта бер тура
Өшпейтін үміт­шыраққа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басыңды көтер өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Басыңды көтер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Басыңды көтер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басыңды көтер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері