Өлең, жыр, ақындар

Шың

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1047
Шың болуға құмар елдің бәрі де,
Болам дейді, қарамайды әліне.
«Шың болмасаң, шырқау биік болмасаң,
Айтшы дейді, бұл өмірдің мәні не?»
Қол жетпейтін шырқаудағы мұзарттан
Тіршілікте түйе артық қой тұз артқан.
Ал, бірақ та арман шыңдар емес пе
Адамзаттың екі көзін қызартқан?!
Әңгіменің белгілі ғой аужайы,
Кімге дәрі күйкілердің бай­байы?
Міндет емес бәрі бірақ шың болу,
Таудың бар ғой құт дарыған баурайы.
Шың арқылы танылады даралық,
Ол асқақтап тұрар көкке қадалып.
Бірақ оны сол биікке көтеріп
Баурайы ұстап тұратыны тағы анық!
Қысы­жазы кетпейтұғын ызғары
Шыңда не бар жалтыраған мұздағы?
Сол мұздақтан мөлдір бұлақ басталып,
Баурайыңды суармай ма сулары?!
Оңайлықпен құпиясын танытпас
Өмір осы, өңкей жұмбақ жаңылтпаш,
Шыңы жоқ тау­тау саналмас жалғанда,
Баурайсыз шың – шың болып та жарытпас!
Күнге ұмтылып, айға азу білеген,
Өркеш­өркеш шыңдар көші үдерген,
Шырқауынан асамын деп басқаның
Мәңгі бақи бәсекені тілеген
Төмендегі өсіп­жетіп өзімнен
Озады­ау деп арпалысып жүдеген,
Қанша биік болса да шың аспанға
Жете алмасын біліп кейде түнерген!
Жел өтінде тұрады шың күн­түні,
Ол туралы бітпейді елдің күңкілі.
Осы ма деп асқандықтан тапқаның
Кейде аяйсың шыңдарды да біртүрлі.
Нағыз өмір қайнап жатыр баурайда
Дүрілдетіп қызықты да күлкіні!
Талап қылып әркім орнын таңдай ма,
Кімнің жолы бастар екен қай­қайда?
Аттанарда бір ойланшы тек қана
Қайсы жақсы – шың ба әлде баурай ма?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолжолтай

  • 0
  • 0

Ақ пен қара аралас,
Терісі де көңілді,
Қане, қалай атаймыз,
Жолақ, жолақ зебрді?

Толық

Қаһарман мен қыз

  • 0
  • 0

Бала күнде естіп едім апамнан:
Ғазіреті Ғали батыр қаһарман,
Жекпе-жекте шақ келтірмей жауларын,
Бір алланың арыстаны атанған.

Толық

Жер – кеме...

  • 0
  • 0

Қара жерді кеме қылып берген құдай адамға,
Жолға салып қоя берген түпсіз ғарыш, ғаламға,
Бір кемеде жаның бірге адамзаттың баласы,
Аман- есен жүзіп жетер шегіңді ойлап амалда!

Толық

Қарап көріңіз