Жез даңқы – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Жез даңқы» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1200
Тарихтан сұра, не елден,
Сарыарқа деген ежелден
Асу да асу бел екен,
Байлығы шалқар көл екен.
Кенге де, малға бай тiптi,
Көргендер жыр ғып айтыпты.
Бiлiмпаз, небiр ғұлама
Қия алмай қарап қайтыпты.
Жан-жаққа тарап жол жатты,
Келгендер қанша олжа апты.
Бiлгiрлер сонда жез даңқын
Жүз мың жыл бұрын болжапты.
Көрген көз бiрден таныпты,
Талайы қонып қалыпты.
Жетi Кеңгiрi — жетi өзен
Қалайы болып ағыпты.
Бар қазақ соны бiлiптi,
Ырысын жердiң ұғыпты.
Сап-сары сазы сұп-сұлу
Құмыра болып шығыпты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері