Өнерге зергер хас адам – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Өнерге зергер хас адам» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 3114
Өнерге зергер хас адам
Тастан да мүсiн қашаған.
Қанжарды ойлап таппастан,
Кесенi бұрын жасаған.
Бәрiн де солай бастапты,
Армандар сондай асқақ-ты.
Өмiрi мен өнерiн
Тауларға жазып тастапты.
Омырауы ашық көйлектi
Жiгiтте сонда ой көп-тi.
Қолында жалғыз қарағай
Домбыра болып сөйлептi.
Ай менен Күннен жаралған
Арулар айтып ақ арман,
Даланың дарқан байлығы
Ән болып елге таралған.
Сал дала сақтап паң қалпын,
Адамы да оның аңғал-тын.
Серiлiк болып көрiндi
Садақтан ұшқан жамбы алтын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері